Жаңалықтар

Павлодар мұнай-химия зауыты күрделі жөндеуден өтті

Павлодар мұнай-химия зауыты күрделі жөндеуден өтті
Фото: gov.kz 19.08.2023 07:32 964

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкежанов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар мұнай-химия зауытына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Ақкенженовке кәсіпорын бойынша таныстыру өткізіп, зауыттың негізгі технологиялық кешендерін көрсетті.

Сапар барысында «ПМХЗ» ЖШС Бас директорының м.а. Саятай Әліпбаев министрдің орынбасарына ПМХЗ-ның күрделі жөндеу қорытындыларын және
2023 жылғы 7 айдағы өндірістік бағдарламаның орындалуы туралы баяндады.

Сондай-ақ зауытты перспективалық дамыту мәселелері қозғалды. Вице-министрді жаңа жобалардың іске асырылу мәртебесімен таныстырды: сұйытылған көмірсутекті газдарды тазарту қондырғысын (СКГ) салу, сутегі өндіру қондырғысын салу, депарафинизация блогын интеграциялаумен дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау, темір жол цистерналарына жеңіл мұнай өнімдерін құю жүйесін жаңғырту.

Айта кетейік, бүгінде Павлодар мұнай-химия зауытының барлық қондырғылары күрделі жөндеуден кейін қалыпты технологиялық режимде жұмыс істеуде. Өндірісті толық іске қосу жоспарланған мерзімнен 4 күн бұрын қамтамасыз етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға