Жаңалықтар

Павлодар ауданында Ассамблея күні өтті

Павлодар ауданында Ассамблея күні өтті
12.10.2018 05:40 1820

Елбасының халықа Жолдауын талқылау аясында Павлодар ауданының Красноармейка ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы күні шеңберінде бірқарат іс-шаралар, кездесулер өтті.

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына аудан жұртышылығы атсалысты.

Отырысқа аудандық этномәдени орталықтарының мүшелері, аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты.

Павлодар ауданындағы Ассамблея күні аудан әкімі А.В.Бабенконың аудандық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесуінен басталды.  Оның барысында орталықтардың жұмысы, оларға қолдау көрсету мәселелері төңірегіндегі сұрақтар мен мәселелер қозғалды. Кейін елді-мекен жұртшылығы қатысуымен Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы және медиация кабинетінің жұмысы өткізілді.

Қазіргі таңда облыста 140 Қоғамдық кеңесі құрылып, қызмет жасайды. Оның біреуі облыстық, құрамына 36 этномәдени бірлестік өкілдері енеді. Сонымен қатар, 2 қалалық және 123 ауылдық кеңес жұмыс істейді. Кеңестің ең басты мақсаты – елде этносарылық, конфессияаралық бірлікті сақтау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға