t.me/KZgovernment

Пәтеріне 100-ден аса адам тіркегендер қалай жазаланады

05.03.2025 12:23

Өз пәтеріне шектен тыс адам тіркеген пәтер иелеріне жаза күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс клуарында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаза ретінде айыппұл төлейді. Айыппұлдың көлемі мен заңның қашан күшіне енетіні пысықталып жатыр. Себебі, әкімшілік кодексіне арнайы заң керек. Ал қазір жұмыс тобы айыппұлдың көлемін талқылап жатыр, - деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин ірі қалаларда бір пәтерге жүздеген адамды тіркеу азаймай тұрғанын айтты.