Жаңалықтар

Пәтер жалдау қымбаттап кетті: 4 қалада баға 50%-ға дейін көтерілген

Пәтер жалдау қымбаттап кетті: 4 қалада баға 50%-ға дейін көтерілген
Фото: Pixabay.com 10.04.2023 17:05 3523

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 7,3%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға қымбаттады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 29,3%-ға көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлер арасында баға Ақтөбе қаласында – 25,4%, Ақтау қаласында 24,3% күрт қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда қаласы (37,8%), Ақтау қаласы (32,6%), Семей қаласы (31,6%), Қостанай қаласы (29,2%), Өскемен қаласы (24,7%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Көкшетау қаласы (51,1%), Петропавл қаласы (48%), Алматы қаласы (45,4%), Қостанай қаласы (45%).

Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға