Жаңалықтар

«Amanat» партиясы ішкі жаңартуды жалғастыруда – сарапшылар

Партиялықтар бәсекеге қабілетті жағдайда өзгеруге және жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді
«Amanat» партиясы ішкі жаңартуды жалғастыруда – сарапшылар
07.10.2022 18:25 2179

«Amanat»-тың кезектен тыс XXIV Съезі барысында партияның жаңа саяси тұғырнамасы бекітіліп, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды. Бұл жөнінде сарапшылардың да айтар пікірі бар, деп хабарлайды El.kz

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұлдызай Ысқақова Тоқаев 7 қоғамдық ұйым мен 3 саяси партияны қамтитын «халықтық коалициядан» бірыңғай кандидат болды дейді.

«Бұл, әрине, елдегі прецедент. Президент "партиялық емес президент" және оның "Amanat" құрамынан шығуы туралы бастама көтергеннен кейін, одан шығу қисынды болмас еді. Партияның өтпелі кезеңі әлі аяқталған жоқ. Партия ішкі жаңартуды жалғастыруда. Кеше съезде "Amanat" партиясы жаңа басты идеологиялық құжатты қабылдады, оның негізінде болашақтағы бағдарламалары мен даму стратегиялары - саяси платформа құрылатын болады», - дейді.

Сондай-ақ, сарапшы платформада аманатшылар ел дамуындағы жетістіктер мен барлық олқылықтар үшін жауапкершілікті мойындады. Партиялықтар бәсекеге қабілетті жағдайда өзгеруге және жұмыс істеуге дайын екендіктерін жазады. Бұл менің ойымша, болашақ үшін өте маңызды хабар деген пікір білдіріп отыр.

«Жалпы, құжат қысқа, бірақ сыйымды болып шықты. Ол білім мен медицинадан бастап саяси институттарды дамытуға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға дейінгі көптеген бағыттарға әсер етеді. Партияның осы өтпелі кезеңін ескере отырып, Тоқаевты ұйымдар коалициясынан ұсыну менің ойымша, ең сенімді және ауыртпалықсыз қадам. Қоғамдық ұйымдардың қосылғаны түсінікті, бірақ "Ақ жол" мен ҚХП Тоқаевты алға тартқаны күтпеген жағдай», - деді ол.

Бұдан бөлек, сарапшы президенттікке кандидат Тоқаевтың бағдарламасы 2023 жылғы сайлауда «Amanat» партиясының алдағы бағдарламасымен сәйкес келеді деген пікірде. 

«Президенттің сайлауалды бағдарламасы елді жан-жақты трансформациялау және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шараларды көрсетеді. Бағдарлама форумда Тоқаев белгілеген ұлтты шоғырландырудың жеті қағидаты төңірегінде құрылады», - дейді Қазақстан қоғамдық даму иниститутының сарапшысы Жұлдызай Ысқақова.

Ал белгілі саясаттанушы Данияр Ашимбаев бұған дейін қазіргі президенттің кандидатурасын қолдау туралы бірқатар қоғамдық ұйымдар, соның ішінде еріктілер, жастар және ардагерлер мәлімдегенін айтты. 

«Amanat» партиясы ішкі жаңартуды жалғастыруда – сарапшылар


««Amanat» партиясының съезі Қасым-Жомарт Тоқаевты 20 қарашаға белгіленген мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға кандидат етіп ұсынды. Осындай шешімдер «Ақ Жол» мен ҚХП съездерінде де қабылданды. Бұл Тоқаевтың "елде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік базасын қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің кең коалициясынан" сайлауға барғысы келетіні туралы кешегі тезисімен сәйкес келеді», - дейді.

Сондай-ақ саясаттанушы биылғы жылы Тоқаев осы партияның көшбасшысы ретінде жаңғыруына бастамашы болғанын айтты. Кейін Мемлекет басшысының әртүрлі партиялар мен бірлестіктердің қатарында болмау қағидатын іске асыру үшін партиядағы өкілеттігін тоқтатты. Сонымен қатар «Amanat» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және жүргізіп жатқан реформаларды қолдауды өзінің негізгі міндеті деп жариялады.

«Партия өзінің президенттікке кандидатурасын ұсынумен бір мезгілде өзінің жаңа саяси тұғырнамасын бекітіп, «терең саяси және экономикалық реформалар жүргізу, демократиялық қағидаттарға негізделген жаңа әділ Қазақстан құру» міндетін жариялады. Партия, мемлекет басшысы сияқты, өзін белгілі бір идеологиямен – консервативті, социал-демократиялық немесе либералды идеологиямен байланыстыра алмады. Керісінше, дәстүршілдік құжатта модернизммен үйлеседі», - деді.

Сонымен қатар, саясаттанушы «Amanat» кедейлікпен, кемсітушілікпен, непотизммен, кландықпен, олигополиямен, жалаңаш популизммен, рейдерлікпен, сыбайлас жемқорлықпен, мемлекет пен тәуелсіздік негіздерін босатумен, еңбек қатынастары жүйесіндегі көше құқығымен, саяси ойындар мен манипуляцияларда тіл мәселесін қолданумен күреспекші екендігін айтты.

«Amanat» платформасының негізгі бағдарлары – әділдік пен заңдылық, еңбекқорлық пен ағартушылық, келісім мен бірлік, руханият пен жаңғыру, меритократия, аумақтық тұтастық, әлеуметтік мемлекет, әртараптандыру және цифрландыру – прагматизмнің көрінісі ретінде қарастыруға болады», - деді белгілі саясаттанушы Данияр Ашимбаев.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға