Жаңалықтар

Парламент сайлауындағы проценттік шектеу

Пропорционалды сайлау жүйесін қолданатын мемлекеттердің басым көпшілігнде проценттік кедергі пайдаланылады.
24.01.2016 09:24 3863

Заң шығару органының фрагментациялануына жол бермеу үшін және парламенттік көпшіліктің тұрақтылығын сақтау мақсатында пропорционалды сайлау жүйесін қолданатын мемлекеттердің басым көпшілігнде проценттік кедергі пайдаланылады. Проценттің шектеу партиялық жүйені дамыту үшін де қажет.

Парламент сайлауындағы проценттік шектеу

Проценттік кедергінің қажеттілігі анық болғанымен, оның көрсеткіші, яғни нақты қаншай процент болуы әр елде әртүрлі, дегенмен орташа көрсеткіш ­– 5%.

Мысалы, Израильде – 3,25%, Австрияда – 4%, Бельгияда – 5%, Ресейде – 7%, Лихтенштейнде - 8%, Түркияда – 10%.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңның 97-1-бабына сәйкес, еліміздегі проценттік барьер 7%.

Проценттік барьер не екені және қай елде қанша процент екені түсінікті болды делік, депутаттық мандат саны осы проценттік барьерден асқан партиялар арасында қалай бөлінеді? Сұраққа жауап беру үшін тағы да сайлау туралы заңға сүйенейік.

Заңның 97-1-бабының 2-тармағына сәйкес, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті процентін тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі жіберіледі.

Яғни жеті проценттік кедергіден тек жалғыз партия өте алса, кедергіден өте алмаған, бірақ жинаған дауыс санынан екінші орындағы партия да мандат бөлісуге қатыса алады. Бұл ҚР Парламент Мәжілісінде кемінде екі партия болуы үшін жасалған қадам.

Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

 Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.

 Жеті проценттік кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партиялардың тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

 Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

 Жеті проценттік кедергіні еңсермеген, алайда мандаттарды бөлуге қатысқан саяси партия кемінде екі мандат алады.


Дәурен Омаров

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға