Парламент Елбасыға қатысты заңның күшiн жою туралы құжатты қарайды
Фото: ortalyq.kz
Фото: ortalyq.kz
28.12.2022 11:02
1349
ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында.
Осы орайда ол Мәжіліс комитеті заң жобасын талқылауға алатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Желтоқсан айында эпидахуал 2,3 есеге өсті
Келесі жаңалық
35 градус аяз күтіледі