Жаңалықтар

Паркинсон ауруы бар пациенттерге арналған мектеп ұйымдастырылды

Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді 
Паркинсон ауруы бар пациенттерге арналған мектеп ұйымдастырылды
Фото: bmcudp.kz 17.10.2022 13:55 2458

ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасында Паркинсон ауруы бар пациенттерге арналған мектептің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуге 20-ға жуық адам қатысты. Шара барысында пациенттер Паркинсон ауруын емдеу және оңалту туралы ақпаратпен, тұрмыс, тамақтану, диетаны ұйымдастыру мәселелерімен және басқа да маңызды ұсыныстармен танысты.

«Паркинсон мектебі пациенттеріміздің өтініші бойынша ұйымдастырылды. Біздің міндетіміз – пациенттер мен отбасы мүшелерін емнің қыр-сырымен таныстыру. Мамандар оларға дәрі-дәрмектердің әсері туралы, оларды қабылдау ерекшеліктері туралы ақпарат бере отырып, салауатты өмір салты негіздеріне, асқыну, өршудің алдын алуға үйретеді», – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының невролог-паркинсонологы Раушан Таутанова.

Паркинсон мектебін ұйымдастыру – Паркинсон ауруы бар әр пациенттің өмір сапасын жақсарта түсуге бір қадам. Бұл – невролог, нейрохирург, реабилитолог, логопед және басқа да мамандар бірлескен үлкен команданың жұмысы. Осындай мектептер көптеген елде бар және олардың клиникалық және психологиялық тұрғыдан жақсы көмегі тиеді.

«Медициналық орталық ауруханасы әрдайым осындай іс-шараларды қолдайды және бізде Паркинсон ауруы бар пациенттерге көмек көрсету үшін ресурс жеткілікті. Біз пациенттерге ғылыми дұрыс негізделген ақпарат береміз, осылайша олардың күмәнді эксперименттерге, қалай да емделу мақсатында қателіктерге бой алдырмауға шақырамыз», - деді невролог-паркинсонолог Раушан Таутанова.

Ұйымдастырушылар Паркинсон мектебінің жұмысын тұрақты іс-шараға айналдыруды жоспарлап отыр. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының неврологтары жыл сайын 100-ге жуық адамға қозғалыс бұзылыстары бойынша консультация беріп, емдейді. Олардың біраз бөлігі операциялық ем алады.

Паркинсон ауруы — мидың жүйкелік жасушаларының біртіндеп семуі салдарынан пайда болатын ауру. Мұндайда адамда дірілдеу, жалпы қимылдың нашарлауы, қимыл-қозғалыстың қиындауы, үйлесімсіздігі, тепе-теңдіктің бұзылуы байқалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға