Жаңалықтар

Парижде Жапонияның тағы бір дзюдошысы екі дүркін Олимпида чемпионы атанды

Парижде Жапонияның тағы бір дзюдошысы екі дүркін Олимпида чемпионы атанды
Фото: gettyimages.com 30.07.2024 21:47 506

Парижде өтіп жатқан Олимпиада Ойындарында дзюдодан Жапонияның тағы бір спортшысы Олимпиада ойындарында екінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

81 келіде бүгін жарыс жолына шыққан Таканори Нагасе финалға дейін барлық қарсыластарын айқын жеңді. Ал финалда әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, грузиялық Тато Григалашвилиді ұтты. Осылайша ол Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал бұл салмақта үшінші орынды тәжікстандық Сом Махмадбеков пен оңтүстіккореялық Ли Жон Ван иеленді. 

Бұған дейін Жапония құрамасының 66 келіде белдескен балуаны Хифуми Абэ 66 келіде Олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы атанған болатын. Бұл салмақта белдескен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, Париждегі Олимпиадада дзюдо бәсекесі 2 тамызға дейін жалғасады. Ерлер санатында 60 келіде Елдос Сметов, 73 келіде әзірбайжандық Хидаят Гейдаров Олимпиада чемпионы атанды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға