Жаңалықтар

Парижде қыдырып жүрген Павел Дуровтың суреттері тарады

Парижде қыдырып жүрген Павел Дуровтың суреттері тарады
Фото: instagram.com/parismatch 02.09.2024 10:52 174

Француздың Paris Match басылымы қамауға алынған Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровтың Парижде қыдырып жүрген суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадрдан қара түсті киім киген Дуровқа ұқсас ер адамның Елисей алаңдарында бойжеткенмен бірге серуендеп жүргенін көруге болады. Басылым кәсіпкердің қасында 24 жастағы қалыңдығы деген болжам жасаған.

Өзіне тағылған айыптардың ауырлығына қарамастан, Ресей тумасы заңға қатысты ешқандай қиындыққа тап болмаған секілді, - делінген автордың мақаласында.

Суреттердің 28 тамыз күні – Дуров босатылған соң жасалғаны айтылған. Сот оны 5 миллион еуро кепілмен босатып, Франция аумағынан шығуға тыйым салынды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Paris Match (@parismatch)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға