Парижде музей тонаған қылмыскерлердің бірінің киімін тергеушілер тауып алды
Луврдағы қарақшылық оқиғасынан кейін Париж прокуроры Лора Бекко тергеу барысында азаматтардың бірі полицияға қылмыскерлердің бірінің киген сары жилетінен құтылғаны туралы хабарлағанын мәлімдеген, деп жазады El.kz интернет порталы.
Аталған желеткенің бірі қазір тергеушілердің қолында. Прокурордың айтуынша, «алпыстан астам тергеуші» іске тартылған және билік өкілдері ұрыларды табуға толықтай бел буып отыр. Сондай-ақ, Бекко ханым «(музейдің) алдағы бірнеше күнде қайта ашылатынына сенімді» екенін айтады. өйткені техникалық сараптамалар толық дерлік аяқталған.
Біз үлкен ұйымдасқан қылмыс нұсқасына көбірек бейімбіз. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мақсаты болуы мүмкін: не белгілі бір тапсырыс берушінің мүддесіне әрекет ету, не болмаса асыл тастарды алу арқылы ақша жуу операцияларын жүргізу, - деді деді прокурор.
Ал елдің экс-президенті Франсуа Олланд аталған жағдайды "біздің мәдени мұрамызға жасалған шабуыл» деп бағалады.
Бізге шабуыл жасалғанда, ең бірінші жауап — бірлігімізді сақтау, ал дау туғызу емес», - деді ол BFMTV арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Париждегі Лувр мұражайындағы ұрлық - «аса ауыр әрекет, біздің мәдени мұрамызға бағытталған шабуыл». Ол бұл оқиғаның «ірі мұражайларда болған бірқатар ұрлықтардан кейін орын алғанын» атады.
Әрине, мұражайларда қауіпсіздік шараларын күшейту қажет. Бірақ сонымен бірге бұл топтарды, бандыларды, тіпті шетелде жүретін тапсырыс берушілерді де анықтап, айрықша құндылығы бар заттарды қайтару бағытында жұмыс істеу керек, - деді Олланд.

