Жаңалықтар

Парижде динозаврдың қаңқасы бәссаудада сатылады

Парижде динозаврдың қаңқасы бәссаудада сатылады
19.09.2023 19:54 759

Париждегі бәссаудада динозаврдың қаңқасы сатылады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

СNN таратқан мәліметке сәйкес, жануардың сүйегі жақсы сақталған. Тасқа айналған динозаврдың сүйегі 150 млн жылдан асады. 

Ерекше лот 20 қазанда Парижде болатын аукционда бәске қойылады. Палеонтологтар оған «Барри» деген атау беріп үлгерген. 

Динозаврдың қаңқасы камптозаврлар түріне жатады және Жер бетінде 150 млн жыл бұрын, юра дәуірінде өмір сүрген. «Барридің» сүйегі 1990 жылдары АҚШ-та табылғаны белгілі болды. Ал 2000 жылы қаңқаға палеонтолог Барри Джеймс реконструкция жасаған. Сондықтан динозаврды ғалымның құрметіне солай атаған. 

Тарихтан бұрынғы заманға тиесілі рептилияның қалдығы жақсы сақталған. Бассүйегі 90%-ға, қалған сүйектері – 80%-ға дейін қалпына келтірілген. 
Динозаврдың биіктігі 2,1 метр және ұзындығы 5 метрге жетеді. Ол кем дегенде 1,28 млн долларға сатылады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға