Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді «ливиялық іс» бойынша қылмыстық қауымдастыққа қатысқаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тергеу деректеріне сәйкес, Саркози 2007 жылғы сайлауалды науқанын қаржыландыру үшін Ливия басшысы Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алған.
70 жастағы экс-президент бес жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде үкімнің орындалуы кейінге шегерілді. Бұл Саркозидің сот залында қамауға алынбайтынын, бірақ бір ай ішінде түрмеге жіберілетінін білдіреді. Le Monde басылымының жазуынша, апелляция беру үкімнің орындалуына әсер етпейді.
Бұл Саркозиге қатысты үшінші қылмыстық іс. Бұған дейін де ол нақты мерзімге сотталған, алайда жаза үй қамауына ауыстырылған болатын.
Сот шешімінде үкімді кейінге қалдыру "азаматтардың өкілдеріне деген сенімін шайқалтуы мүмкін ерекше ауыр жағдайлармен" түсіндірілген. Сонымен бірге Саркози 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

