Жаңалықтар

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері академияда тегін білім алады

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері академияда тегін білім алады
Фото: Қазақ спорт жәні туризм академиясының баспасөз қызметі 03.09.2024 09:37 276

Олимпиадада жүлде алған үш спортшы Қазақ спорт және туризм академиясында тегін білім алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыс етті.

Білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды. Ерекше атап өтер жайт, Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен жеті медальдің бесеуін Қазақ спорт және туризм академиясының түлектері иеленген. Олар – Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға