Жаңалықтар

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты басталды
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 26.07.2024 23:20 474

Франция астанасында ХХХІІІ Жазғы Олимпиада Ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төртжылдықтың басты додасы Олимпиада тарихында алғаш рет стадионнан тыс жерде өтіп жатыр. Париждегі рәсімде қатысушы елдердің спортшылары Сена өзені арқылы көпшілік алдынан қайықпен өтуде. 

Салтанатты шараға Франция басшысы Эмамуэль Макрон мен ХОК президенті Томас Бах арнайы келді.  

Бұл рәсімде Қазақстан спортшылары да қатысып жатыр. Елдің туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға