Жаңалықтар

Париж Олимпиадасында жүлде алған отандастарымызды марапаттау рәсімі өтті

Париж Олимпиадасында жүлде алған отандастарымызды марапаттау рәсімі өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 27.07.2024 18:13 1295

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасында жүлде иеленген отандастарымызды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түскен болатын. Отандастарымыз иеленген медаль Париж Олимпиадасында иесін тапқан алғашқы жүлде болып отыр. Осылайша Қазақстан құрамасы Олимпиадада медаль иеленген алғашқы ел атанды. 

Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті. Жарыстың алғашқы күнінде мергендеріміз — Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдегері атанды! Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Мергендеріміз қола жүлде үшін таласта Германия өкілдерінен басым түсті. Олардың жеңісті жолы басқа отандастарымызға да жұғысты болсын! Мергендеріміз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Өйткені олардың мүмкіндігі жоғары. Бұл жетістік аталған спорт түрінің біздің елде қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі. Мергендеріміз мүлт кетпесін! Тілектеспіз!, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға