Жаңалықтар

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?
Фото: коллаж El.kz/olympic.kz 10.07.2024 15:00 791

Боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетші Ольга Сафронова Парижде Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушылары ретінде таңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?Сурет: olympic.kz

Асланбек Шымбергенов 1993 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Жартылай орта және бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық әуесқой боксшы. 2018 жылы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алса, 2022 жылы Азия чемпионы атанды. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017). Жартылай кәсіпқой «Дүниежүзілік бокс сериясында» 2015 және 2017 жылдары жеңіске жеткен.

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?Сурет: olympic.kz

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 71 келі салмақта А.Шымбергенов чемпион атанды. Финалда өзбек өкілі Сайджамшит Жафаровты айқын басымдықпен жеңді.

Ол әуесқой бокстан ұлттық құраманың капитаны.

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?Сурет: olympic.kz

Ольга Сафронова 1991 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі уақытта Павлодар облысының намысын қорғап жүр. 100 метрге жүгіруден  Қазақстан рекордының иегері (11,09 с).

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтындар туралы не білеміз?Сурет: olympic.kz

2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға