Париж Oлимпиадасында еліміздің туын қай спортшы ұстайды
14.05.2024 13:11
Фото:
olympic.kz
Үкімет баспасөз мәслихатында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев еліміздің туын Oлимпиадада ұстайтын спортшыға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр аталмыш мәселе әзірге әлі шешілмегенін айтты. Десе де, спортшылардың арасында үміткерлер барын атап өтті.
Жігіттердің арасында Асланбек Шымбергенов ту ұстауы мүмкін, қыз бала әлі таңдалмады. Лизенциялық күндер біткесін Париж Oлимпиадасының ашылу салтанатында туды қай спортшы ұстайтынын айтатын боламыз, – деді Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, бұған дейін Парижге спортшылардың жеке бапкерлерінің бару-бармауы жөнінде жаздық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

