Жаңалықтар

Париж олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады

Париж олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 07.06.2024 14:42 727

Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды. Нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын. Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Франция — 14 салмақ

Жапония — 14 салмақ

Қазақстан — 8 салмақ 

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев

73 келі. Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

100 келі. Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі. Абиба Абужақынова

+78 келі. Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс 63 келі. Эсмигул Куюлова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға