Жаңалықтар

Париж олимпиадасына спортшылардың жеке бапкерлері бара ма?

Париж олимпиадасына спортшылардың жеке бапкерлері бара ма?
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 14.05.2024 12:19 784

Үкімет отырысының баспасөз мәслихатында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жеке бапкерлердің Париж олимпиадасына бару-бармауы жөніндегі мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиада кезінде спортшылардың қасында жеке бапкерлердің болуы маңызды. Ал біздің елде көп жағдайда жеке бапкерлер делегация құрамына кіре алмай жатады. Оның себебін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев түсіндірді.

Министрдің айтуынша, биыл екі үлкен дода күтіп тұр. Оның бірі Дүниежүзілік көшпенділер ойыны болса, екіншісі ­– Париж олимпиадасы.

Қазіргі таңда дайындық жүріп жатыр. Бапкерлер қасында болуы тиіс. Спортшылардың психологиясын, дайындығын қадағалуға ықпал етеді. Сол себепті біз бұл жағдайға тырысамыз. Бірақ Ұлттық олимпиада комитетінің өз ережесі бар. Мәселен, 80 лизенция болса, оның 50 пайызы қасында болатындардың саны. Сондықтан мұны көре жатармыз, – деді Ермек Мыржықпаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға