Париж Олимпиадасы: Дмитрий Панарин алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты
28.07.2024 12:35
Фото:
olympic.kz/Тұрар Қазанғапов
Париж Олимпиадасында бадминтоннан іріктеу кездесулер өтуде. Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Дмитрий Панарин қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз бүгін алғашқы кездесуін өткізді. Оның қарсыласы жапондық Кента Нишимото болды. Кездесуде жапондық спортшы 2:0 (21:5, 21:11) есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Панарин іріктеу кезеңінде D тобында сынға түсіп жатыр. Оның келесі қарсыласы канадалық Брайан Янг болмақ.
Еске салсақ, Дмитрий Панарин спорттың бадминтон түрінен Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық тұңғыш спортшы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

