Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: 28 шілде жарысқа шығатын спортшылар тізімі

Париж Олимпиадасы: 28 шілде жарысқа шығатын спортшылар тізімі
Фото: olympic.kz 28.07.2024 09:28 1698

Бүгін 28 шілдеде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында екінші жарыс күні өтеді. Қазақстан спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиадалық комитет ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгін медальдар дзюдо мен шпапа семсерлесуден (ерлер) ойналады. Сондай-ақ, жекпе-жекке Қазақстанның үш боксшысы мен бадминтоннан Олимпиада ойындарына өткен алғашқы қазақстандық шығады.

Астана уақытымен ойын кестесі

Спорт түрі: бадминтон. Ерлер. Іріктеу

Спортшылар: Дмитрий Панарин - Кента Нишимото (Жапония)

Басталуы: 11.30.

 

Спорт түрі: Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Әйелдер. Іріктеу

Спортшылар: Арина Алтухова, Александра Ле

Басталуы: 12.15

 

Спорт түрі: ескек есу. Ерлер. Алдын ала іріктеу

Спортшылар: Владислав Яковлев

Басталуы: 12.36

 

Спорт түрі: Семсерлесу. Жеке қылыш. Ерлер. 1/16 финал

Спортшылар:  Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов

Басталуы: 13.00 (1/64 финал), 15.25 (1/32), 18.05 (1/8) (үшінші орын үшін), 19.25 (1/4), 23.00 (1/2), 00.20 (үшінші орын), 01.15 (қорытынды)

 

Спорт түрі: дзюдо, 66 келіге дейін (ерлер). Алдын ала іріктеу, қорытынды блок

Спортшылар: Ғұсман Қырғызбаев

Басталуы: 13.00 (алдын ала іріктеу, қазақстандық спортшының испандық Давид Гарсиа Торнеге қарсы жекпе-жегі болады), 19.00 (соңғы блок)

 


Спорт түрі: Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр), ерлер. Іріктеу

Спортшылар: Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев

Басталуы: 14.15

 


Спорт түрі: Бокс, 92 келіге дейін (ерлер). 1/8 финал

Спортшылар: Айбек Оралбай - Олетен Олаоре (Нигерия)

Басталуы: 14.48

 


Спорт түрі: Теннис. Ерлер (жекелей). Алғашқы раунд

Спортшылар: Александр Шевченко

Басталуы: 18.00

 


Спорт түрі: Бокс, 71 келіге дейін (ерлер). 1/16 финал

Спортшылар: Асланбек Шымбергенов - Зейяд Ишайш (Иордания)

Басталуы: 18.46

 


Спорт түрі: Бокс, 50 ​​келіге дейін (әйелдер). 1/16 финал

Спортшылар: Назым Қызайбай - Джордана Соррентино (Италия)

Басталуы: 19.50

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға