Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: 2 тамыз күні қай спортшылар сынға түседі

Париж Олимпиадасы: 2 тамыз күні қай спортшылар сынға түседі
Фото: Туризм және спорт министрлігі 02.08.2024 08:45 734

Бүгін Париж Олимпиадасының жетінші жарыс күнінде отандық қай спортшылар сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық спортшылар Астана уақытымен сағат 12.30-да өнер көрсете бастайды. 

12:30. Стенд ату. Трап, іріктеу (ерлер)

Эдуард Ещенко

13:15. Жеңіл атлетика. Биікке секіру, іріктеу (әйелдер)

Надежда Дубовицкая және Елизавета Матвеева

13:00. Дзюдо. 1/16 финал (әйелдер)

Камила Берліқаш — Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия) 78+ кг.

14:00. Жүзу. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша іріктеу (ерлер)

Әділбек Мусин

16:30. Семсерлесу. Командалық шпага (ерлер)

Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов

Финал 22:30-ға жоспарланған.

20:22. Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан). 80 кг.

21:00. Батуттық гимнастика. Іріктеу (ерлер)

Данил Мұсабаев

Финал 22:50-ге жоспарланған.

23:32. Бокс. 1/8 финал (әйелдер)

Карина Ибрагимова – Эшлионн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико). 57 кг.

00:20. Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 51 кг. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға