Париж-2024: садақ ату шеберлері Олимпиаданы бастайды
24.07.2024 17:52
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
25 шілдеде Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.
Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

