Париж-2024: қазақстандықтар қай спортшыларға жанкүйер болады
10.08.2024 05:40
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Париж Олимпиадасының бүгінгі жарыс күнінде (10 тамыз) төрт жерлесіміз спорттың 4 түрінен сынға түседі (қазіргі бессайыс, еркін күрес, брейкинг, велотрек), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрес
14:00
Әлішер Ерғали (97 кг) іріктеуде бозкілемге шығады.
Қазіргі бессайыс
16:30
Елена Потапенко жеке сынның жартылай финалына қатысады.
Брейкинг
19:35
Бұл күні брейкингте Олимпиада жүлдесі сарапқа салынады. Спорттың бұл түрінен ел намысын Әмір Зәкіров қорғайды.
Велотрек
20:19
Андрей Чугай кейрин бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде өнер көрсетеді.

