Жаңалықтар

Париж-2024: Он үшінші жарыс күнінің нәтижесі

Париж-2024: Он үшінші жарыс күнінің нәтижесі
Фото: ҰОК/Сали Сабиров 09.08.2024 04:29 293

Париж олимпиадасындағы қазақстандықтардың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі бессайыс: Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады.

Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды.

Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады.

Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 48.43 секунд.

Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді.
Мейрамбек Картбай (57 кг) 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды.

Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов жартылай финалға жолдама ала алмады. Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді. Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секунд

Көркем гимнастика: Елжана Таниева көркем гимнастикадан іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады. Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.

Олимпиаданың он үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға