Жаңалықтар

Париж-2024: Олимпиада ойындарын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді

Париж-2024: Олимпиада ойындарын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді
Фото: ҰОК 16.07.2024 20:24 767

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада Ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар Олимпиада Ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан  көре алады.

Олимпиада ойындарын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада Ойындарына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиада Ойындарының сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Олимпиада Ойындары кезінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға