Париж-2024: Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті
02.08.2024 20:47
Фото:
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының 1/2 финалына өтті. Демек қазақ спортшысының қоржынында кемі қола медаль бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 келі салмақтағы қазақ боксшысы шаршы алаңда Әзербайжан спортшысы Мұрат Аллахвердиевпен жұдырықтасты. Ширек финалда отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Нұрбек Оралбай жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады. Жекпе-жек 4 тамызда өтеді.

