Жаңалықтар

Париж-2024: Балуан Әлімхан Сыздықов ширек финалға өтті

Париж-2024: Балуан Әлімхан Сыздықов ширек финалға өтті
Фото: ҰОК/Сали Сабиров 05.08.2024 19:32 577

Париж Олимпиадасында балуандар бәсекесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен 60 және 130 келі салмақтағы балуандар бақ сынауда. 

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты. 

130 келі салмақта сынға түскен Сыздықов алғашқы айналымда румыниялық Ален Алксус Чурариюден басым түсті. Есеп -  3:1.

Айта кетелік, бұл Әлімхан Сыздықовтың алғашқы Олимпиадасы. 

Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. 

Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға