ҚР ҰОК

Париж-2024: әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жолдамасыз қалды

21.04.2024 04:22

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамаға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы жартылай финалда қытайлық қарсыласына 1:5 есебімен жол беріп, жеңіліс тапты.

Жақында олимпиадалық салмаққа ауысқан Жәмила Бішкектегі іріктеуден өте алған жоқ.

Өкінішке қарай, әйелдер күресінен Қазақстан командасы бір де бір лицензия ала алмады.