Жаңалықтар

Париж-2024: 6 тамыздағы жалпы медальдар кестесі

Париж-2024: 6 тамыздағы жалпы медальдар кестесі
Фото: Olympic.kz 07.08.2024 14:20 884

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 30-орында келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 тамыз күнгі жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен 30-орынға жайғасты. Ал, жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көш басына тұр. Олардың еншісінде 24 алтын, 31 күміс, 31 қола медаль бар. 

Париж-2024: 6 тамыздағы жалпы медальдар кестесі

Ал екінші орында Қытай құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде де 22 алтын, 21 күміс, 16 қола медаль бар. Үздік үштікті 14 алтын, 12 күміс, 9 қола жүлдемен Австралия құрамасы түйіндеп тұр. Ал Франция 13 алтын, 16 күміс, 19 қола медальмен төртінші орында келеді.

Осылайша 69 елдің спортшылары медаль алды.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға