Жаңалықтар

Париж-2024: 5 тамыздағы нәтижелер қандай

Париж-2024: 5 тамыздағы нәтижелер қандай
Фото: ҰОК//Владислав Семенов 05.08.2024 23:34 706

Бүгін Олимпиада ойындарының 10-шы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд.

Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді.

Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4.

Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6.

Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға