Жаңалықтар

Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды

Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі 06.07.2023 19:20 898

Параволейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париждегі паралимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті.Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды

Бүгін, 6 шілдеде отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды

Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды

Естеріңізге сала кетейін, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен болатын. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға