Паралимпиаданың тұңғыш алтын медалі

Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан 2016 жылғы жазғы паралимпиада ойындарында Зульфия Ғабидуллина Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медальді салды.

 Паралимпиаданың тұңғыш алтын медалі

Жүз метрге еркін жүзуден сынға түскен жерлесіміз мәреге алғашқы болып қана келмей, әлем рекордын жаңартты.

Зульфия Ғабидуллина — Азия ойындарының жеңімпазы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Спортшы әлемдік рейтингте жүзуден үздік сегіз спортшының қатарына кіреді. Спортшының қоржынында соңғы жетістігін қосқанда 5 әлем рекорды бар. 


Алмас САУДАНБАЙ