Жаңалықтар

Паралимпиада: қазақстандық спортшы финалға шықты

Паралимпиада: қазақстандық спортшы финалға шықты
Фото: t.me/mediaparis2024 05.09.2024 15:27 510

Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пара дзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Акмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. 
Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де өтеді.

Сонымен қатар қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиадада SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында финалға өтті. Ол осы көрсеткіші арқылы Азия рекордын орнатты.

Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль – бір алтын, бір күміс және бір қола бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға