Жаңалықтар

Паралимпиада: 31 тамызға арналған жарыс кестесі

Паралимпиада: 31 тамызға арналған жарыс кестесі
Фото: t.me/mediaparis2024 31.08.2024 11:34 643

31 тамыз күні Париж Паралимпиадасында пара атлеттеріміз спорттың төрт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12:30, пара нысана көздеу

Пара оқ атудан Әлем кубогінің жүлдегері Еркін Ғаббасов 10 метрге нысана көздеуден бақ сынайды.

15:00, пара нысана көздеу

Әйелдер құрамасынан Севда Әлиева бақ сынайды.

13:08, пара жеңіл атлетика

Найза лақтыраудан Гүлбахыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.

14:26, пара таеквондо

Пара таеквондодан ерлер құрамасынан 80 келі салмақта Нұрлан Домбаев және 80+ келі салмақта Нышан Өмірәлі жарыс жолына шығады. Жерлестеріміз Марокко және Ирак пара атлеттерімен жекпе-жекке шығады.

17:00, пара волейбол

Пара волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдергері Босния және Герцеговинамен ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға