Жаңалықтар

Паралимпиада-2024: қазақстандық жүзушілер финалға шыға алмады

Паралимпиада-2024: қазақстандық жүзушілер финалға шыға алмады
Фото: Қазақстан паралимпиада комитеті 03.09.2024 16:00 286

Пара жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Нұрдәулет Жұмағали мен Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрдәулет Жұмағали 200 метр қашықтыққа жүзуден сынға түсті. Ол көру қабілеті нашар спортшылар арасында S12/S13 санатында бақ сынады. Қазақстандық спортшы белгіленген межені 2 минут 20,31 секундта бағындырып, іріктеуде оныншы орынға ие болды. Финалға үздік нәтиже көрсеткен сегіз спортшы шықты. Енді қазақстандық жүзуші 2024 жылғы Паралимпиадада 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу жарысына қатысады. Бұл дисциплина бойынша ол Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері болды, сонымен қатар соңғы Азиадада жеңіске жетіп, екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Тағы бір қазақстандық жүзуші Сиязбек Далиев Париж Палимпиадасында сынға түсті. S5 класындағы 50 метрге шалқалап жүзу бойынша іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 40.14 секунд нәтижесімен финалға өте алмады. Енді ол 6 қыркүйекте 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға