Паралимпиада-2024: бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Мөлдір Қайнар тілші
Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13:20.
Пара таеквондо. Әйелдер, 52 кг дейін. 1/8 финал. Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Джералдо Диас (Доминикан Республикасы) Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді.
23:00.
Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур, А тобы Франция — Қазақстан Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындар 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы қатысады.

