Паралимпиада-2024: бүгін кімдер жарыс жолына шығады
Мөлдір Қайнар тілші
Парижде өтіп жатқан ойындарда отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.
15:00. Отырып ойнайтын волейбол.
Ерлер, алдын ала раунд, А тобы. Үшінші тур.
Қазақстан – Мысыр Босния мен Герцеговина екі турдан кейін максималды алты ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды. Мысыр мен Қазақстанда үш ұпайдан бар: қос құрама кездесуіінң жеңімпазы плей-офф кезеңіне өтеді, жеңілгені бесінші орын үшін таласады. В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сондай-ақ Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.

