Жаңалықтар

Пара пауэрлифтинг: қазақстандықтар әлем кубогында 32 медаль жеңді

Пара пауэрлифтинг: қазақстандықтар әлем кубогында 32 медаль жеңді
Фото: МСМ баспасөз қызметі 11.05.2023 09:45 959

Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен әлем кубогы мәреге жетті. Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мәдениет және спорт министрлігінен мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарыста 32 медаль еншіледі – 11 алтын, 12 күміс және 9 қола.

Атап айтқанда:

1. Айдарқызы Әйгерім 41 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсілдің қосынды нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында 1-орынды алды. Сондай-ақ көтерілген салмақтың ең үздік нәтижесі бойынша ересектер арасында 2-орын және үш тәсілдің қосындысы бойынша 2-орын иеленді.

2. Солодухина Алина 45 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орын және әйелдердің командалық жарысында 3-орын алды.

3. Толжан Фариза 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің нәтижесі бойынша 2-орын жеңіп алды.

4. Берімқұлова Айжан 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орынға, үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орынға, аралас командалық жарыста 3-орынға орналасты.

5. Құрманбаева Гүлім – 45 келіге дейінгі салмақта әйелдердің командалық жарысында 3-орынға табан тіреді.

6. Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақ. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын иеленді. Ал әйелдердің командалық жарысында 3-орын бұйырды.

7. Маханбетова Мөлдір 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік нәтиже бойынша ересектер арасында 3-орынға және үш тәсілдің нәтижесі бойынша 3-орынға жайғасты.

8. Кәрібай Ерболат 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл нәтижесі бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.

9. Баққожа Жақсылық 80 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға орналасты.

10. Хамаев Рахметжан – 88 келіге дейінгі салмақ. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын иеленді.

11. Баутов Әділжан 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл қорытындысы бойынша 1-орын алды.

12. 45 келіге дейінгі Бойко Снежанна көтерілген ең үздік салмақ бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесінде 1-орын жеңіп алды. Сондай-ақ ересектер арасында үш тәсіл нәтижесі бойынша 2- орынға ие болды.

13. Әшір Зарина 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл қорытындысымен 2-орынға ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға