Видеодан алынған кадр

Пара пауэрлифтинг: қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды

27.08.2023 20:39

Біріккен Араб Әмірліктерінде пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Давид Дегтярев әлем чемпионатында үздік шығып, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, 2018 жылы Дегтярев Дубайда өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын иеленген.