Жаңалықтар

Пандемияда 1,7 млн жұмыс орны босап қалды

Бұл туралы дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі мәлімдеді
Пандемияда 1,7 млн жұмыс орны босап қалды
Фото: pixabay.com 22.07.2022 14:07 1490

Әлемдік туризмге 1,2 млн маман қажет. Бос жұмыс орындарының көбеюі саланың пандемияға дейінгі қалпына келуіне кедергі. Әсіресе жаз мезгілінде мәселенің өзектілігі байқалып тұр, – деп хабарлайды El.kz порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі мәлімдеді. Пандемияда 1,7 млн жұмыс орны босап қалды. Туристік агенттіктер қызметкерлерінің 30 процентінен айырылған. Биыл Еуроодақ экономикасының 33 процентін туризм саласы қамтуы тиіс. 

Бірақ межеге жетуге жұмыс көзінің тапшылығы кері әсер етуі мүмкін. Бұл ғана емес, Еуропада коронавирус өршіп тұр. Өткен аптада мұнда 3 млн адам індет жұқтырды. ДДСҰ күз бен қыс айларында ахуалдың нашарлайтынын болжайды. Сол себепті шекараларды жабу сынды карантиндік шектеулер енгізуге дайын болуды ескертті. Бірақ вакциналауды жеделдету арқылы түйінді шешуге болатынын да алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға