Жаңалықтар

Пандемия кезінде елімізге Еуропадан қанша көлемде гуманитарлық көмек келді?

Көмек негізінен Германия, Чехия, Швеция, Португалиядан келген
Пандемия кезінде елімізге Еуропадан қанша көлемде гуманитарлық көмек келді?
Фото: unicef.org 08.12.2022 02:43 1225

Пандемия уақытында, яғни 2020 жылы елімізге Еуропадан қанша көлемде гуманитарлық көмек келгені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер коронавирустық инфекциямен күресте елге қолдау көрсеткен. 

2020 жылғы наурыз - желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасына Еуропа елдерінің - Германия, Чехия, Швеция, Португалия және т.б. үкіметтерін қоса алғанда, 20 елдің үкіметі 10 млн. астам медициналық бұйымдар мен 100 мыңнан астам дәрілік заттар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткенін атап өту маңызды. Біз тығыз өзара іс-қимылға дайындығымызды және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге сенімділігімізді білдіреміз, - деді Ажар Ғиният ЕО елдерінің дипломатиялық миссия басшыларымен өткізген кездесуінде.

Сондай-ақ ведомство басшысы Денсаулық сақтау мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 2020 жылғы 1 наурызда күшіне енуі айтулы оқиға болғанын атап өтті.

Осы құжаттың негізінде біз Медициналық және фармацевтикалық сектор бойынша жұмыс тобын құрдық. ҚР ДСМ мен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын қабылдай отырып, келесі жылдың қаңтар айында аталған жұмыс тобының кезекті отырысын өткізуді ұсынамын, - деді министр.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға