Жаңалықтар

Пәкістандағы жарылыстан Қазақстан елшісі зардап шеккен жоқ – СІМ

Пәкістандағы жарылыстан Қазақстан елшісі зардап шеккен жоқ – СІМ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 23.09.2024 01:33 490

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Пәкістанның Хайбер Путунхва провинциясында болған мина жарылысынан Қазақстан өкілі зардап шекпегенін хабарлады. Ол Исламабадқа аман-есен оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан елшісі Хайбер Путунхва провинциясындағы жарыста кортеж құрамында болған. Жалпы кортежде 12 мемлекеттің дипломаттары болды.

Жарылыс салдарынан үш полиция қызметкері жараланып, біреуі қаза тапты.

Дипломатиялық корпус өкілдері зардап шеккен жоқ, барлық елшілер Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сватқа барды, - деді ол.

Бұған дейін Белуджистан провинциясының аудандарындағы лаңкестік әрекеттерден 50 адам, соның ішінде пәкістандық әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға