Жаңалықтар

Пәкістанда табиғат апатынан 11 адам қайтыс болды

Пәкістанда табиғат апатынан 11 адам қайтыс болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 28.05.2023 17:54 946

Пәкістандағы лай көшкінінен 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

BBC News-тің жазуынша, оның ішінде 4 жастағы бала бақилық болған. Елдің солтүстігіндегі апат көшпенділер тайпасының ешкілерді айдап Шоунтер асуынан өтіп бара жатқан кезде орын алған. 

Оқыстан болған апаттан 25 адам жарақат алған. Қазір Пәкістанның төтенше жағдайлар бойынша құтқару қызметі апат аймағында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Елдің премьер-министрі Шехбаз Шариф апаттың тағы жалғасуы мүмкін екенін айтып, елге үндеу жолдады. 

Associated Press агенттігінің жазуынша, жергілікті полиция қаза тапқандар арасында төрт әйел мен төрт жасар баланың өлімін ресми жария етті. 

Сондай-ақ, құтқару қызметінің өкілдері лай көшкіні аймағында қиындыққа душар болып, жұмыстары кедергіге тап болып отыр.   

 Премьер-министр Шариф Twitter-дегі аккаунтында «апаттың үлкен қайғы әкелгенін және адамдар қаза тапқанын» атап, тұрғындарға сақ болуды, сондай-ақ, құжаттарын өздерімен бірге алып жүруді ескертті. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға