Жаңалықтар

Пәкістан президенті Дубайда аяғын сындырып алды

Пәкістан президенті Дубайда аяғын сындырып алды
Фото: report.az 01.11.2024 10:00 334

Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Дубай халықаралық әуежайында оқыс оқиғаға тап болды. Мемлекет басшысы ұшақтан түсіп келе жатып, аяғын сындырып алды. Бұл туралы Пәкістан мемлекет басшысының кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің аяғын сындырып алғаны белгілі болды. Әмірлік дәрігерлері жарақаттанған жеріне гипс салып, бір айға тынығуды ұсынды. 4 апта бойы гипспен жүруге мәжбүр болған Зардари еңбек демалысына шықты.

Соңғы жылдары 69 жастағы Зардари денсаулығына байланысты түрлі қиындықтарды бастан өткеріп келеді. Былтыр БАӘ-де көзіне операция жасалған болатын. Одан бір жыл бұрын оны Карачидегі ауруханаға кеуде қуыс инфекциясын емдеу үшін жатқызған еді. Бұған дейін ол «қысым мен физикалық жүктеменің ауырлығына» байланысты ауруханаға түскен. Президенттің айналасындағы адамдар оның денсаулығының нашарлағаны туралы қауесеттерді жоққа шығарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға