Пакетті парашют ретінде пайдаланды. Текеліде 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті
26.04.2023 16:45
Фото:
Pixabay.com
Текелі қаласында үйде үлкендердің қарауынсыз қалған сегіз жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен полиэтилен пакет пайдаланып секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жетісу облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, аталған оқиға 25 сәуір күні сағат 12:20 шамасында болғанын хабарлады.
Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты. Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында. Кейін белгілі болғандай, баланың жерге жай құлауына ағаш бұтақтары ықпал еткен, - деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

