Жаңалықтар

Пәк қыздарының тізімі: ҚазҰУ қызметкерлері жұмыстан шығарылды

Пәк қыздарының тізімі: ҚазҰУ қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Фото: ©El.kz/Максат РЫСБЕКОВ 06.08.2024 15:58 550

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке деректерінің жариялануы бойынша кінәлілер жазаланғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр кейбір қызметкерлер жұмыстан босатылып, басқалары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Оның сөзінше, университетке қызмет көрсететін медициналық орталықтың қызметкерлері де назардан тыс қалмаған.

Осы тізбектегі барлық адамдар жазаланды. Медициналық орталықтың қызметкерлері де жауапқа тартылды. Бұл медициналық орталықпен келісімшартты бұзу туралы мәселе қарастырылып жатыр, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, WhatsApp мессенджерінде телефон нөмірлері, ЖСН және студент қыздардың медициналық деректері көрсетілген интимдік мәліметтері бар ақпарат таратылды. Құжаттар 190-ға жуық адам жазылған университет старосталар тобында жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға