Жаңалықтар

Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1200-ден асты

Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1200-ден асты
Фото: azattyq.org 04.09.2022 12:05 1232

Пәкістанда алапат су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Әсіресе елдің Балоджистан провициясындағы жағдай өте қиын, деп хабарлайды El.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мұнда түскен жауынның мөлшері соңғы 30 жылдағы нормадан 465 пайызға асып кетті. Ал, қайтыс болғандар саны 1200-ден асып кетті. Жалпы, су тасқынынан 33 миллион адам зардап шекті. Бұған қоса үй, жол, көпірлер бұзылып, егістік алқаптарын су шайды. Жүздеген мың мал қырылған.

Бүгінде экономикаға келген шығын есептеліп жатыр. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, оның көлемі қазірдің өзінде 10 миллиард долларға жетіп қалды.

Ресейдің Рязань облысында тамыздың басында тұтанған тілсіз жау толықтай сөндірілген жоқ. Бұған секундына 15-17 метр жылдамдықпен соққан жел кедергі келтіріп жатыр. Ал АҚШ-тың Калифорния штатында 2 мың гектардан астам аумақ күлге айналды. Өрт сөндіру кезінде бірнеше адам зардап шеккен.

Ресейдің Рязань облысында алапат орман өрті тамыздың басынан бері лапылдап жатыр. Әсіресе Култуки ауылы маңында жағдай күрделі. Тілсіз жауды бақылауға алуға секундына 15-17 метр жылдамдықпен соққан жел кедергі келтіріп жатыр. Бұған дейін жалын Красноярск, Ростов облыстарында да тіркелген еді. Красноярскіде 12 ауылдың тұрғындары баспанасыз қалса, Ростовта 100 үй жанып кеткен. Тілсіз жаумен күресуге 100-ден астам техника мен 300-дей адам жұмылдырылды. Түтін тіпті Мәскеуге дейін жетті.

Испанияда да осыған ұқсас ахуал. Жаз бойы алапат орман өртінен көз ашпаған елде қауіп әлі сейілмей отыр. Тілсіз жау елдімекендерге қарай ойысып барады. Өрт сөндірушілер бұған жол бермеу үшін күні-түні күресіп жатыр.

Жағдай қауіпті. Не істерімізді білмей абдырап қалдық. Өрт күшейіп жатыр. Қауіпсіз жерге көшуге мәжбүрміз. Үйімізге тез ораламыз деп үміттенемін, - дейді жергілікті тұрғын.

Ал АҚШ-тың Калифорния штатында ахуал күрделі. Мұнда тілсіз жау елді мекендерге жақындап қалған. Сол себепті қауіпті аймақтың тұрғындары түгелдей дерлік көшірілді. Өртті сөндіруге 360 маман, 15 тікұшақ тартылған. Алайда әзірге өрт шарпыған аумақтың тек 12 пайызы бақылауға алынды. «Рейтердің» дерегіне сай, жалынмен күрес кезінде 8 өрт сөндіруші зардап шеккен. Ғалымдардың айтуынша, өрттің соңғы кездері жиілеп кетуіне ғаламдық жылыну құбылысы себеп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға