Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған алаяқтар қамауға алынды
Фото: Антикор
Фото: Антикор
23.11.2022 14:49
1409
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Антикордың айтуынша, алаяқтар тобы азаматтарды түрлі мәселені шешу үшін пара беруге итермелеу арқылы адастырып, ақшасын ұрлаған.
Топ мүшелерінің бірі Б.К.Абдикеримов соттың санкциясымен қамауға алынды. Тағы бір қатысушы М.Ж.Тұрановтың "Халықаралық полиция орталығының" генерал-майоры куәлігі тәркіленді.
"Қазір қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
19 қарашада Бақтияр Байсейітовке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаржысын жымқырды деген айып тағылып, іздеу жарияланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Нұрлы жердің" орнына жаңа бағдарлама іске қосылды
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті